Water

050001

адрес: пл. Республики, 4,

телефон доверия и приемной:

8 (727) 262 16 13

email: uprirp@mail.ru

 

 

Алматы тауларында жасанды қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қардың шектен тыс қалыңдығы мен Үлкен Алматы өзені бассейндеріндегі жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Үлкен Алматы өзеніне баратын автожолда, МЭС-1-Құмбел ауданында көлемі 1500 текше метр болатын қардың жасанды көшкіні Аюсайдан жоғарыдағы автожолға түсірілді»,-деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. «Қазселден қорғау» мемлекеттік мекемесінің өкілдері жол бағыттарын бойын қардан тазартты. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Тазалау жұмыстарына фронтальды жүк түсіруші, МТЗ-82 тракторы, шынжыр табанды «Чантуй» бульдозері, «Трау» жүк сүйрегіш автокөлігі мен «Нива-21214» көлігі сондай-ақ 10 жұмысшы жұмылдырылды.


inform.kz

Addresses Ту National Emblem Anthem Əкімнің алғысөзі Ресми сайт Ресми сайт Ресми сайт