25.10.2020  Жексенбі

1. Жалпы ережелер

1. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында жасыл экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оның мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
4. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер оған Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

 

9. Толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление зеленой экономики города Алматы».
10. Осы Ереже «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

13. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін қаланың экологиялық қауіпсіз ортасын және экологиялық сананы қалыптастыру.
14. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты қаланың қоршаған ортасын сауықтыру болып табылады.
15. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) жасыл экономика қағидаттарын және ең тиімді халықаралық тәжірибені ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау шараларының  стандарттарын енгізу (қайта өңделген сумен жабдықтаудың жүйесі, электромобильдер шығаруды ұйымдастыру, халықты экологиялық таза көлік сатып алуға ынталандыру, жаңартылатын энергия көздері);
2) қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру;
3) қаланың ауа бассейніне тарайтын ластаушы заттар шығарындыларын азайту;
4) су ресурстарын тиімді пайдалану, жасыл қорды сақтау және ұлғайту арқылы қаланың экожүйесіне антропогендік жүктемені төмендету;
5) экономиканың әртүрлі секторларына тиімді «жасыл» жобаларды енгізу;
6) қоршаған ортаның ластануына көбірек әсер ететін өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаланың сыртына немесе өнеркәсіптік-индустриалдық аймақтардың аумақтарына шығару;
7) экология саласындағы нормативтік-құқықтық базаны үздік әлемдік стандарттар бойынша жетілдіру.
16. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес белгіленген:
1) табиғатты қорғау шараларының үздік әлемдік тәжірибелерін енгізу бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу, ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
2) экологиялық менеджменттің стандарттарын енгізген және қолданатын кәсіпорындарды, соның ішінде салық және басқа да жеңілдіктер беру жолымен көтермелеу бойынша ұсыныстар әзірлеу;  
3) халықтың және заңды тұлғалардың экологиялық таза көлікті, соның ішінде электр автомобильдерін пайдалануын көтермелеу мақсатында қаржы тетіктерін құру және ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізу;
4) жаңартылатын энергия көздерін енгізу, пайдалану және дамыту бойынша ұсыныстар енгізу, соның ішінде осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру;
5) экология мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңеспен қоршаған ортаның ластану деңгейін өлшеу және есептеудің стандартын әзірлеу және енгізу бойынша  жұмыстарды жүзеге асыру;
6) өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларын келісу және жүргізу;
7) коммуналдық қалдықтарды басқарудың ұтымды, экологиялық қауіпсіз және тиімді жүйесін ұйымдастыру;
8) тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды енгізу;
9) қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау, әкету, сұрыптау және қайта өңдеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізу және үйлестіру;
10) кәсіпорындарға қайталама шикізатты қабылдау пункттерін ұйымдастыруда жәрдемдесу;
11)  оқыту компанияларын, түрлі акциялар өткізу арқылы ТҚҚ-ның түзілуін азайтуға бағытталған шаралар жөнінде тұрғындардың хабардар болуын арттыру;
12)   білім мекемелері, ЖОО, сауда және бизнес-орталықтарымен және басқалармен келісім бойынша макулатура, пластик және басқа да пайдалы қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатуды ұйымдастыру;
13) коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратуды енгізу және жетілдіру;
14) коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы нормаларын, сондай-ақ қалдықтардың түзілуі көлемін азайту бойынша іс-шараларды әзірлеу және жергілікті атқарушы органдарға бекітуге ұсыну;
15) иесіз және заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
16) «Алматы қаласының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» ГАЖ-дың жұмыс істеуін және оны дамытуды қолдау;
17) Алматы қаласы үшін қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге  жыл сайынғы мониторингті жүргізу (3, 5 және 8 жыл сайын - қаланың аумағында экологиялық жағдайды зерттеудің кеңейтілген бағдарламасы);
18) сараптамадан өтетін құжаттамада (ҚОӘБ, ШЖШ, НЭ) соңғы 2-3 жыл ішінде кәсіпорын жабдықтарындағы нақты жүктемені үнемі тексеріп тұру (алдындағы жобалық кезеңмен салыстырмалы түрде);
19) автокөлік құралдарынан шығатын түтін мен улылық нормаларына сәйкестікті тексеру үшін экологиялық постарды көбейту бойынша ұсыныстар енгізу;
20) заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін газға көшіруді ынталандыру бойынша, соның ішінде газбен (СКГ, КТГ) жүру үшін қайта жабдықталған автокөлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу рәсімдерін жеңілдету бойынша ұсыныстар енгізу;
21) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу және Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кешенді жоспарға мониторинг жүргізу;
22) өз құзыреті шегінде ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманы, ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін табиғатты пайдаланушыларға қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
23) заңнамамен белгіленген тәртіпте қоршаған ортаға эмиссияларға, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін, ерекше қорғалатын аумақты пайдалану үшін төленетін төлемақы мөлшерлемелерін әзірлеу;
24) өнеркәсіптік кәсіпорындарда суды қайтара пайдалану жүйесін және сарқынды сулардан тыңайтқыш, залалсыздандыру заттары сияқты және т.б. жаңа өнімдер алуды енгізу;
25) жасыл экономиканы насихаттау, экологиялық сананы қалыптастыру үшін су объектілерінің жағдайы туралы тұрғындарды ақпараттандыру, сондай-ақ тұрғындарды ынталандыру және ресурстарды реттеу тетіктерін әзірлеу;
26) Алматы қаласы аумағында жасыл екпелердің тізілімін, есебін және мониторинг жүргізу;
27) жасыл құрылыстың әрі қарай жүргізілуі үшін Алматы қаласының аумағына сараптама, зерттеу және мониторинг жүргізу;
28) су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін, суару жүйелерін тиімді пайдалану, ұстау және қорғау және жерүсті суларын ағызу бойынша, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту бойынша жобаларды әзірлеу, келісу және сүйемелдеу;
29) табиғатты қорғау объектілерінің құрылысы және оларды қайта жаңғырту, гидротехникалық құрылыстар мен құрылғылардың құрылысы, қайта жаңғырту және күтіп-ұсталуына, кіші өзендер мен су қоймаларын қорғау, олардың ластануының, тасқын, су басу, жағалаулардың бұзылуы және басқа да су ықпалының алдын алу және жоюға мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
30) табиғатты пайдалануды реттеу саласында және Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
31) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін, Үлгілік қағидалар негізінде әзірленген жасыл екпелерді              күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын және қала аумағын абаттандыру қағидаларын әзірлеу және мәслихатқа бекітуге ұсыну;
32) жасыл екпелерді сақтау, қорғау және Алматы қаласының көгалдандырылған аумақтарын дамыту саласында қалалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
33) белгіленген тәртіпте жасыл екпелерді түгендеу, орман-патологиялық зерттеу және күйі мен санына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

34) ағаштарды кесуге рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету және өтемдік ағаш отырғызудың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу;

35) «жасыл экономика» шеңберінде енгізілетін жобаларды көпшілікпен талқылау және келісу;
36) әлеуметтік объектілердің құрылысы кезінде жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
37) құрылыс кезінде энергиялық тиімді материалдарды пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу;
38) «Жасыл экономика» жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша жинақтау-сараптамалық жұмысты ұйымдастыру және тұрғындарды «Жасыл экономика» тұжырымдамасын іске асыру жұмыстарының орындалуы барысы туралы, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ететін факторлар, экологиялық ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандыру;
39) экологиялық зияны бар қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындарды қаланың сыртына немесе индустриалдық аймақтарға шығару, тазарту технологияларын енгізу және жаңғырту, экологиялық жағынан зияны төмендеу отын түріне көшіру арқылы олардан шығатын зиянды азайту жөнінде ұсыныстар енгізу;
40)  қоршаған ортаның ластануына едәуір ықпалын тигізіп отырған объектілерге талдау жүргізу, соңынан энергетика және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін табиғи газға көшіру немесе технологиялық жаңғырту (едәуір жетілген тазарту технологияларын енгізе отырып) бойынша ұсыныстар енгізу;
41) кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауына мониторинг жүргізу;
42) жасыл экономика саласындағы шет елдердің нормативтік құқықтық базасын және үздік әлемдік тәжірибелерді зерттеу, пайдалы тәжірибені енгізу;
43) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша құқықтық актілерді әзірлеу;
44) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар мен ескертулер енгізу;
45) жергілікті маңыздағы міндеттердің шешілуін және Алматы қаласы аумағында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
46) процестік заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттің және азаматтардың құқығын қорғау мақсатында сот органдарына талап арыз беру құқығымен, «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және жергілікті атқарушы органның мүдделерін сот органдарында қорғау;
47) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжаттарды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына осындай құжаттардың бастамашыл жобаларын жіберу;
48) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
49) қолданыстағы заңнама және құзыреті шегінде абаттандыру жөніндегі қалалық қызметтердің жұмысын үйлестіру және оған мониторинг жүргізу;
50) қалалық аумақтардың тиісті  санитариялық жағдайын қамтамасыз ететін және тазалау жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысын  үйлестіру және жердемдесу;
51) өз құзыреті шегінде қалдағы аудандық әкімдіктер, аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіру;

52) қала аумағын санитариялық тазалау бойынша аудандар әкімдіктерінің қызметіне мониторинг жүргізу;

53) ведомствоға қарасты аумақта объектілер мен кешендердің жоспарланған құрылысына (қайта жаңғырту, кеңейту, жаңғырту және күрделі жөндеу) мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;

54) қала аумағындағы тұрғындардың өмір сүруі және тіршілік етуі үшін жайлы және қауіпсіз ортаны құру;

55) көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуді ашықтық және есептілік негізінде көрсету;

56)  қызмет тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес процесстерді цифрландыру;

57)  мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемеден басқа, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға және коммуналдық мемлекеттік мекемелерге қатысты басқару органының функцияларын атқару;
58) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады;

59) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының әкімдігі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексімен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен анықталған:
1) сараптама жұмыстарын жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстар атқаруға және қызметтер көрсетуге лицензиялары бар сарапшыларды (заңды және жеке тұлғаларды) сырттан тарту;
2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті құжаттар мен ақпараттарды сұрау және алу;
3) «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзырлығына кіретін мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасау;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылды.
20. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады  және басшылық жасайды және «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
2) өзінің орынбасарлары және «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға жеке жауапкершілікте болады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады және көтермелейді;
6) «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) өз өкілеттіктері шегінде бұйрықтар шығарады;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қорғайды;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

23. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
«Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік есебінен құрылады.
24. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер қолданыстағы заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқығы жоқ.

5. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ЛИВИНСКАЯ Наталья Игоревна
Басқарма басшысы
Басшысы блогы
 

 

25let konst