25.10.2020  Жексенбі

21 маусым күні 08:00-де адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарды дезинфекциялаудың екінші күні басталды. Жұмыстарды бүгін 18:00-де аяқтау жоспарлануда.

Атап өтелік, бірінші күні барлығы 469 нысан дезинфекцияланды, оған 75 бірлік техника мен 194 дезинфектор жұмылдырылды.

20 маусым күнгі 18:00-ге дейін келесі нысандар дезинфекцияланды:

Алатау ауданында 8 базар, 11 сауда орталығы, 5 фитнес орталық, 4 сквер;

Алмалы ауданында 6 базар, 22 сауда орталығы, 27 фитнес орталығы, 4 стадион, 1 саябақ, 22 сквер, 10 жүргіншілер жолағы, 2 жағажай, 11 жоласты және 1 жолүсті өткелі, 6 балалар және спорт алаңы;

Әуезов ауданында 4 базар, 32 сауда орталығы, 32 фитнес орталық, 1 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай және 1 жаяу жүргіншілер жолағы;

Бостандық ауданында 14 сауда орталығы, 7 супермаркет, 50 фитнес орталығы, 3 саябақ, 1 сквер, 2 жағажай;

Жетісу ауданында 16 базар, 9 сауда орталығы, 6 супермаркет, 15 фитнес орталық, 1 саябақ;

Медеу ауданында 2 базар, 19 сауда орталығы, 31 фитнес орталық, 2 саябақ, 16 сквер, 7 бульвар;

Наурызбай ауданында 2 базар, 2 сауда орталығы, 3 фитнес орталық, 1 саябақ, 1 сквер, 3 балалар және спорт алаңы, 2 көгал;

Түрксіб ауданында 6 базар, 7 сауда орталығы, 10 фитнес орталық, 3 саябақ, 11 сквер, 1 жағажай.   Еске сала кетейік, Алматыда карантиндік шаралардың күшейтілуіне және сауда орталықтарының базарлардың, саябақтар мен скверлердің, адамдар көп жиналатын орындардың жабылуына байланысты ағымдағы жылдың 20-21 маусымында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

ЛИВИНСКАЯ Наталья Игоревна
Басқарма басшысы
Басшысы блогы
 

 

25let konst